СҚО-да колонияға 11 телефон алып өтпек болған азамат ұсталды

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көлікті бақылап өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу мақсатында қызметкерлер түзету мекемесінің  аумағына ағаш тақтайшаларды әкелген көлікті тоқтатқан. Нәтижесінде, металл ыдыста  жасырылған 11 телефон тауып алды.

«Тыйым салынған заттар рентген-телевизиялық қондырғы арқылы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін одан әрі сотқа жіберу мақсатында,  материалдар жинақталып жатыр», – делінген облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Еліміздің үш өңірінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x