СҚО-да көлік бақылау инспекциясының қызметкері 15 тәулікке қамауға алынды

СҚО-да мас күйде темір тұлпар тізгіндеген көлік бақылау инспекциясының қызметкері Азамат Құсайынов 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 28 сәуір күні Челябі–Новосібір тас жолында болған. Нақ сол жерде полиция қызметкері Сапар Ауғалиевті көлік қағып кеткен. Салдарынан 48 жастағы азамат көз жұмды. Оны сол түні онымен бірге қыдырған досы Азамат Құсайынов тапқан. Сол кезде ол рөлде мас күйде болған.

Әкімшілік іс материалдарында көрсетілген ақпаратқа сай, сол күні Азамат Құсайынов өзінің таныстары Сапар Ауғалиев, Гауһар Тастанбекова және Зарина Өтегеновамен демалуға шыққан. Олар «Простоквашино» демалыс базасына барған. Бірақ ол жерде бос орын болмағандықтан жақын маңдағы орманға барып отыруға шешім қабылдапты.

«Біз Мещан орманына бардық. Сол жерде дастархан жайып, ішімдік іштік. Ән айттық. Біз бір реттік пластик ыдыс-аяқты қолдандық. Сондықтан мен Азаматтың ішімдік ішкен-ішпегенін айта алмаймын», — деп сот отырысы барысында Гауһар Тастанбекова куәгерлік еткен.

Оның бұл сөздерін Зарина Өтегенова да растап отыр.

Кейін олар Азамат Құсайыновтың көлігімен «Ахтамар» (Мария)  дәмханасына барған. Темір тұлпарды машина иесінің өзі басқарды.

«Мен орманда отырғанда спирттік ішімдік ішкен жоқпын. Тек «Ахтамарға» барған кезде ғана іштім. Оның өзінде ініме бізді алып кету керек деп ескерттім. Бірақ мен көлігімді дәмхананың жанына қойғанмын. Ал шыққанда ол екі метрдей жерде тұрды», — деп түсіндірген сот отырысы барысында Азамат Құсайынов.

Бұл жағдайдың қалай орын алғандығын Азамат Құсайыновтың өзі түсіндіріп бере алмаған. Есесіне, куәгерлер көлікті Азаматтың өзі басқа жерге қойғандығын айтып берді.

Азамат Құсайынов дәмханаға барғанға дейін өзінің спирттік ішімдік ішпегендігін айтып ақталуға тырысты. Бірақ сот отырысы барысында оның кінәсі толық дәлелденді.  

«Осы әрекеті үшін ол 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге 500 үй салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x