[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/7b7149a138553fa8271a8263ae1cfc12-1-scaled.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Петропавл полицейлері көліктерді тонаған екі ұрыны қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ұрылар түнгі уақытта әрекет еткен. Олар иелері есіктерін жабуға ұмытып кеткен автокөліктердегі заттарды қол қылған. Кейде темір тұлпарлардың шынысын сындырып, арам ойларын жүзеге асырған. Ұсталған 18 және 28 жастағы петропавлдықтардың 5 іске қатысы бар екендігі анықталды. Олардың екеуі де бұрын сотталған болып шықты.
«18 жасар Петропавл қаласының тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласына 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарылды. Осы ретте автокөлік иелеріне салонда құнды заттар, ақша мен құжаттарды қалдырмауға кеңес береміз. Автокөлікке мүмкіндігінше дабыл құрылғысын орнатқан жөн. Егер күзетілетін көлік тұрағы болмаса, темір тұлпарыңызды түнгі уақытта жарық түсіп тұратын жерлерге қойған дұрыс. Сондай-ақ, көппәтерлі үйлердің аулаларында бейнебақылау камераларын орнатудың да тиімділігі бар. Олар автокөліктерде жасалған ұрлықтарды «ізін суытпай» ашуға көмектеседі. Әрі бұл жерге ұрылар да беттемейді», дейді Петропавл қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]