Солтүстік Қазақстан облысында былтыр интернет алаяқтар 920 млн теңге шығын келтірген. Оның тек 37 млн теңгесі ғана қайтарылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдолдиновтың айтуынша, киберқылмыс, әсіресе соңғы екі жылдың ішінде күрт артқан.
«Интернет технологияны қолдану арқылы жасалған алаяқтық фактілері күнде тіркеледі. Былтыр 1017 алаяқтық жасалса, соның 771-інде тұрғындар интернет арқылы алданып қалған. Мұндай қылмыстарды ашу өте қиын. Өйткені, адамдар алданғанын кеш түсінеді, кеш хабарласады. Қылмыскерлер көбіне шет елде отырады», — дейді Айдын Қабдолдинов.
Полицейлер өз кезегінде алаяқтардың жолын кесу үшін түрлі амалдарды қолдануда. Еңбек ұжымдарымен, тіпті үйді-үйді аралап, адамдармен кездесіп қылмыстың осы түрі жайында ақпараттандырып жатыр. Былтыр 825 адам «102» арнасына телефон шалып, өздеріне алаяқтардың хабарласқанын, олардың талаптарын орындамағандарын айтқан. Қоғамдық даму және ақпарат министрлігіне алаяқтардың жалған жарнамаларын бұғаттау үшін былтыр 900-ден астам сілтеме жіберіліпті.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар дәрігердің қабылдауында болғанын QR-код арқылы растай алады