Солтүстік Қазақстан облысында газ қоспаның жарылысы салдарынан екі адам жарақат алды. Оқиға 21 шілде күні сағат 22:30 шамасында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Дружба ауылында тіркелді, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Дружба ауылындағы жеке тұрғын үйдің кіре берісінде газ баллонының редукторындағы герметизацияның болмауы салдарынан газ жиналып, жарылыс болған. Алайда жалын тұтанбаған.

«Жарылыс салдарынан үй иесі, 1980 жылы туған әйел, денесінің 50 пайызын күйік шалып, ауруханаға жатқызылды»,- деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Беті, кеуде тұсы, іші, қол-аяқтары күйген. Қазір науқас хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Тағы бір зардап шеккен — 1988 жылғы туысы. Ол қолы мен бетінен 1-дәрежелі күйік алып, алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Оның да жағдайы тұрақты.

Мамандар оқиғаға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болғанын айтады.

Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында облыс диқандарына арналған семинар өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *