Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттайды. Қазір СҚО-да ол 75-80 теңгеден саудалануда. Ал, 1- ші шілдеден бастап оның бағасы 81-86 теңгеге дейін өспек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
“Қазақстан Республикасының жанармай құю станцияларында сұйытылғaн мұнaй газын бөлшек саудада өткізуге бағаны уақытша мемлекеттік реттеудi енгізу туралы” бұйрығынa өзгерістеp әзірленді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, газдың бағасы шамамен 4-6 теңгеге жоғарылауы мүмкін. Ұсыныс тасталды. ҚР “Газ және газбен жабдықтау туралы” Заңының 20-бабының 5-тармағына сәйкес, 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі автогаздың көтерме бағасын 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. ҚҚС (20%-ға) тиісінше бөлшек сауда бағасының 1 литріне 4 теңгеге өседі. Демек, өзгеріс енгізілсе, елордада газдың құны литріне 70 теңгеден 76 теңгеге, Алматыда 75 теңгеден 81 теңгеге дейін көтеріледі. Ал, өңірлерде оның құны шалғайлығына байланысты көтерілмек. Мәселен, біздің аймақта автогаздың литрі 75-80 теңгеден 81-86 теңгеге дейін қымбаттайды. Құжат халықтың талқылауы үшін Ашық НҚА сайтына жарияланды. Ол жақта 12 шілдеге дейін тұрады.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның 4 оқушысы IQanat high school of Burabay инновациялық мектебінің грантын жеңіп алды