СҚО-дағы барлық эвакуациялық пунктер қажетті дәрі-дәрмектермен толықтай қамтылған. Сондай-ақ оларда медицина қызметкерлері кезекшілік етуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста барлық медициналық мекемелерде су тасқыны болған аймақтардан науқастарды қабылдау ұйымдастырылған. Су басу қаупі бар барлық аурухана, емханаларда 2 айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Қазіргі уақытта өңірде су тасқынынан зардап шеккен медициналық мекемелер жоқ. Өңірде 30 жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Оған 90 медицина қызметкері жұмылдырылған.

«Қазіргі уақытта облыста ешқандай жұқпалы аурулардың өсімі байқалмайды. Бірақ қажет болған жағдайда бірінші қалалық ауруханадан 120, ал көпсалалы ауруханаға қосымша 45 орын дайындай аламыз. Облыстық балалар ауруханасында да жұқпалы ауруларға арналған 86 орын бар, тағы қосымша 45-ін қоса аламыз. Өңіріміздегі денсаулық сақтау жүйесі барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуге дайын», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Бижанов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x