Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі күнде екі жүк көлігі жол жиегіне шығып, омбы қарға батып қалды. Оқиғалар Көкшетау-Рузаевка тас жолында болған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бірінші оқиға 18-ші ақпанда болды. 55 жастағы Грузия азаматы тізгіндеген жүк көлігінде 20 тонна ет болған. Mercedes жүк көлігі кюветке түсіп, аударылып қалды. Көмекке бірден полицейлер келген. Ауыр көлікті шығару үшін Айыртау ауданындағы серіктестіктердің бірінен техника жеткізілді. Осылайша, жүк көлігі омбы қардан шығарылды.

Дәл осы тас жолда 19-шы ақпанда да осындай жағдай болды. Жанармай тасымалдауға арналған HOWO жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, қоршаған ортаға да зиян келмеген. Көлікті 41 жастағы рудныйлық азамат басқарған.

«Жауын-шашын түсетін, жол үсті мұзға айналатын кезде және қар үйінділері пайда болатын жағдайда барынша сақ болу керек. Автожолдардың қиын учаскелерінде жылдамдықты төмендетіңіздер, шұғыл қызметтердің хабарламаларын қадағалаңыздар, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар», — деп полицейлер жүргізушілерге қысқы жолдарда мұқият болуды ескертеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен бала екі айдан бері комада жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *