Солтүстікқазақстандық полицейлер сегіз есірткі сатушыдан құралған ұйымдасқан топты ұстады. Олардан 50 келіге жуық есірткі тәркіленді. Оның 81 грамнан астамы – гашиш, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Петропавл қаласына аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізу және тарату арналарын бірнеше ай бойы бақылап келген. Есірткі өңірімізге ел астанасынан жеткізіліп отырған.
«Өткен жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласына Петропавл қаласына есірткі заттарын жеткізген қылмыстық топ туралы ақпаратты алды. Мамыр айында осы қалаларда қылмыстық топты анықтау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде топты басқарған адам және жеті қатысушы ұсталды», — деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Руслан Үмбетов.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен жүргізілген көптеген сараптамалар аяқталды. ҚР Қылмыстық кодексінің – ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, өткізу мақсатында аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз пайдалану бойынша қозғалған іс материалдары сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.
Тағы оқыңыз:СҚО-да екі нысан терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын ескермеген, арасында балабақша да бар