Айыртау ауданы Антоновка ауылының 27 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде сепаратизмді насихаттаған. Осы үшін ол алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Halyqstan порталына сілтеме жасай отыра.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға өткен жылдың қазан айында болған. «15-ші өңірдің басты суетологы» деген лақап атпен TikTok-та тіркелген жас жігіт Ресей мен Украина арасындағы соғыс талқыланған тікелей эфирге қосылған. Ол басқалармен тілдесу барысында тергеу органдары ел ішіндегі тыныштықты бұзуға бағытталған бірнеше пікір айтқан.
Сот барысында эфирге қатысқан өзге адамдар айыпталушыны арандатпағаны, керісінше — мұндай сөздер үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескерткендері анықталды. Бірақ, сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда, эфир жазбасы дәлел ретінде көрсетілді. Судьяның үкімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да екі күн ішінде төрт өрт оқиғасы тіркелді

