СҚО-да экс-полицейлер Qnet қаржы пирамидасына тұрғындарды тартып келген

СҚО-да Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен 3 адам ұсталды. Олар өңірдің 73 тұрғынын сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, ұсталған үшеу 2018-2021 жылдар аралығында Qnet қаржы пирамидасын құрып, оған 73 солтүстікқазақстандықты тартқан. Ұйым қызметінен зардап шеккен тұрғындардың шығыны 82 млн теңгені құрады.

«Qnet қаржы пирамидасы Малайзияда тіркелген. Компания халықаралық интернет саудамен айналысады-мыс. Тек оған кіру үшін қомақты қаржы төлеу қажет. Тіркелу құны – 600 мың мен 800 мың теңге аралығында тұрады. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар кеңсе жалдап сол жерде адамдарға оқыту семинарлары мен дәрістер жүргізген. Яғни, оларды командаға қосылуға үгіттеген», — деп хабарлайды СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандардың арасында бұрынғы ішкі істер органдарының қызметкерлері де болған.

«Қазір қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген үш азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты ҚР ҚК 217 б. 3 б. (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша іс қозғалды.  Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.  Қазір қаржы пирамидасына тартылып, зардап шеккен тұрғындарды іздестіріліп жатыр. Олар СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласа алады», — делінген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 160 адам алимент төлеуден қашып жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x