СҚО-да екі жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жобалар жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында бірде-бір келісімшартқа қол қойылмапты. Бұл туралы облыстық әкімдікте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» заңы 2015 жылы қабылданған болатын. Содан бері өңірде 10,1 млрд теңге болатын 42 жоба жүзеге асырылған. Оның ішінде екі балабақша, екі мектеп, теннис орталығы, көпірдің құрылысы, медициналық жабықтарды орнату сынды ірі жобалар да бар.
Бірақ соңғы екі жылда мемлекет пен бизнес өкілдері арасында бірде-бір келісімшартқа қол қойылмаған, жобалар жүзеге асырлмаған.

«Облыстық басқармалардан ұсыныс болмағандықтан 2022 жылдан бері өңірде МЖӘ бойынша бірде-бір келісім жасалған жоқ. Ал басқа облыстар аталмыш механизмді белсенді қолданып келеді. Мысалы, Түркістан облысында — 180 жоба, ШҚО-да — 136, Абай облысы — 114, Жамбыл — 90, Ақмола облысы — 77. Бізде де осы МЖӘ арқылы шешуге болатын мәселелер бар. Мысалы: балабақшадағы орын тапшылығы. Петропавл қаласы бойынша 2647 бала кезекте тұр. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны 80 пайызға толық, облыстағы сауықтыру лагерлерінің 93 пайызы тозған, жаңартылатын электр энергиясының баламалы көздері жоқ, туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, ағынды суларды қайта өңдеу және тазарту жөніндегі объектілердің болмауы. Осылардың МЖӘ арқылы шешуге болады», — деп тізіп өтті облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да колонияға кәсіпкер сегіз телефон өткізбек болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x