СҚО-да екі бала суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 15 жасар екі бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

16 маусым күні Тайынша ауданында екі бірдей бала суға батып кеткен. Қайғылы жағдай Шағалалы өзенінде болған. Жасөспірімдердің денесін іздеуге ТЖД мен полицейлер және аудан волонтерлері жұмылдырылған. Нәтижесінде біреуінің денесі кеше кешке, ал екіншісін мамандар бүгін таңертең тапқан.

«Балалар 16:30 шамасында суға батып кеткен. Олардың біреуі Тайынша, екіншісі Атбасар қаласының тұрғыны. Балалардың бірі Тәжікстан Республикасының азаматы екен. Олар ата-аналарынсыз шомылуға барған. Қазіргі уақытта екеуінің де денесі арнайы тексеріске жіберілді», – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ал 14 маусым күні Петропавлда суға кеткен 10 жасар Умар Самухутдиновтың денесі әлі табылған жоқ. Оны іздеу жұмыстарына 52 құтқарушы жұмылдырлған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тамақтан уланған ана мен бала жансақтау бөлімінен шығарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x