Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны қарқын алды. Өңір шаруалары егістік алқаптарының жартысынан көбіне дән сеуіп үлгерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері 4,4 млн гектар жерге егін себуді көздеп отыр. Оның 3,3 млн гектары дәнді дақылдар. Бұл былтырғы межеден сәл аз. Есесіне диқандар майлы дақылдарға арналған танаптың көлемін ұйлғайтты. Мысалы, зығыр осы жылы 760 мың гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық.  Қазіргі кезде майлы дақылдарға сұраныс жақсы, бағасы да келісті. Айта кетейік, қазір осы майлы дақылдың тоннасы үшін нарықта ҚҚС-мен тоннасына 296 мың теңге ұсынылады. Сарапшылардың пікірінше, жақында бұл дақылдардың бағасы 300 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Биыл егін бітік шыға ма, жоқ па белгісіз. Бірақ, көктемгі ауа райы диқандар үшін қойлайлы болып отыр. «Қазгидромет» АҚ СҚОФ мәліметтері бойынша айдың басынан бері облыста жауын-шашынның орташа мөлшері 47,2 мм құрады. Орташа айлық көрсеткіш 32 мм-ге жуық. Агрономдардың пікірінше,  жауын-шашыннан кейін топырақтың жоғарғы қабатындағы ылғал жеткілікті.

«Қазір фермерлерде 470 мың тонна тұқым бар. 52,6 мың тонна элиталық тұқым сатып алынды. Сортты жаңарту-11,2% құрап отыр», — деп хабарлады QМ редакциясына облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Қазір егіс алқабының 2 млн 363 мың гектарына дән егілген. Бұл жоспарланған алаңның 56% құрайды. Тұрақты ауа райы сақталса, көктемгі егіс науқаны бесінші маусымға дейін аяқталады.

Тағы оқыңыз: Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *