Солтүстік Қазақстанда жиырма бір жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Енді ол 157 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс Айыртау аудандық сотында қарлған. Ауылда дүкен ұстайтын кәсіпкердің алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге қажетті лицензиясы болған. Бірақ, ол сауда барысында тұтынушының жеке басынының куәландыратын құжатын сұрамастан сыра сатқан.
Жеке кәсіпкер сот отырысында кінәсін мойындады. Ол сатып алушының сыртқы келбетіне қарап, тауарын сатқандығын айтты.
Сот қаулысымен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оның алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу лицензиясының қолданылуы бір ай мерзімге тоқтатылды. Оған қоса 157 280 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның төрт мектебіне тарихи тұлғалардың есімі берілуі мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *