Өңір полицейлері ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысын жариялады. Биыл облыста 430 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға көбейген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл басынан облыста жол апатында 38 адам қаза тапты. Қазан айынының өзінде тағы бес адам ажал құшқан. Келеңсіз оқиғалардың салдарынан шамамен 600 адам жарақат алды. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Жол апаттарының көбінесе жол қозғалысы ережелерін бұзу себеп болып табылады. Ереже бұзушылар қатарында тек автокөлік жүргізушілері ғана емес, тұрғындар да бар.

«Әкімшілік практика көрсеткендей, көрсеткіштер айтарлықтай өскен. 222 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Өткен жылы 9 айда 145 мыңнан астам оқиға тіркелген болатын», — деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал құқық бұзған тұрғындарға барлығы 2,3 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның тек 81%-ы, яғни 1,8 миллиард теңгесі ғана өндірілген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да медицина саласына шағым көбейді: әкім мәселені бақылауға алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *