[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/1633475664_62-pro-dachnikov-com-p-stroika-zhilogo-doma-foto-72-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Өңірде биыл 300 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек. Негізінен, жеке секторды дамыту көзделуде, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі талқыға түсті. Өңірде құрылыс саласы қалай дамып жатқандығы туралы аймақ басшысы Айдарбек Сапаров жеткізді. Өткен жылы жоспарға сәйкес, облыс бойынша 401 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілуі тиіс еді. Соның 299 мыңы яғни, 75 % енгізілді. Белгіленген көрсеткіш толық орындалмаған. Оған себеп –  құрылыс материалдарының қымбаттауы. Нәтижесінде, жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізіліп, жұмыстар 2023-ші жылға ауыстырылды.

Бұл коммерциялық тұрғын үй құрылысының қарқынына да әсер етті. Мұнымен қоса, 2019 жылдан бастап облыс аудандарында тұрғын үйді пайдалануға берудің негізгі үлесі «Еңбек» бағдарламасын іске асыру аясында жеке тұрғын үй салу есебінен қамтамасыз етілді.

«Тұрғын үйді іске қосу көрсеткішіне қол жеткізу үшін 2023 жылы қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, іске асырылатын жобаларды қайта қарау жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Осылайша, жоспар келесі баспаналарды пайдалануға беру есебінен орындалады: бюджеттік құрылыс – 77 мың шаршы метр, коммерциялық құрылыс – 93 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй – 130 мың шаршы метр. Жалпы, биылғы жылға жоспарланған көрсеткіштер толық көлемде жүзеге асырылатын болады», – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, Петропавл қаласының Оңтүстік және Солнечный шағын аудандарында  жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 3 мыңнан астам жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді.

 

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x