[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/20ed45bd-947c-4edb-addc-d2cdee225b3a-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыстық әкімдікте аппараттық жиын өтті. Жиын барысында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолға алынған іс шаралар талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін ветеринарлық қызмет кешенді іс-шараларды қолға алды. Биыл төрт түлік пен құсқа түрлі ауруларға қарсы 5 млннан астам екпе егілмек. Бұдан бөлек, ветеринария саласында кадр жетіспеушілігі мәселесі өзекті. Қазіргі таңда 70 қызметкердің орны бос. Сондықтан мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ал СҚО мен Ресейдің шекарасында 4 ветеринарлық-бақылау бекеті орналасқан.

«Басқа облыстан малдар әкелініп жатыр. Соны дұрыстап бақылауда ұстау қажет. Бүкіл аудан әкімдері тыңдап отыр. Тағы да өздеріңіз жұмыс жүргізу керексіздер. Басқа облыстан, басқа мемлекеттен әкелінген малды карантинге қойып, тексеріп алып, нәтижесін білгеннен кейін ғана есепке алыңыздар»,-деді әкімдік отырысы барысында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Осы жылдың 2 айында 800-ден астам автокөлік, мың бастан астам мал және 900-ге жуық құс тексерілді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтың 11 дерегі анықталды. 11 көлік Ресей аумағына қайтарылды.

«Жалпы 31 нұсқама жазылып, оның 28-і орындалды. 1 млн теңгеден астам сомаға 37 айыппұл салынды, 87%-ы өндірілді» ,-деп жеткізді өңір жетекшісіне Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ыбыраев.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x