[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1200xauto_UgH9YjwLFbVNtphlEZxPodzUnxK3hRlhAKPsTehK.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Ағымдағы жылы өңірде 9 медициналық нысанның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы күрделі жөндеу көрмек. Облыстағы денсаулық сақтау саласының жоспарлары жайлы аймақтың бас дәрігері Құмар Күсемісов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста медицина саласының мамандары тапшы. Бүгінде өңірде 157 дәрігер мен 79 орта медицина қызметкері жетіспейді. Оның 48-і ауыл тұрғындарына қажет. Облыс әсіресе, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибе дәрігері, анестезиолог-реаниматолог, гастроэнторолог, хирург, педиатр сынды ақ халаттыларға мұқтаж.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылға арналған жоспарымызды бекіттік. Еліміздің қалаларына барып, студенттерді біздің облысқа тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, мамандарға төленетін көтермеақылардың мөлшерін ұлғайтпақшымыз», – деді Құмар Күсемісов.

Алдағы уақытта елді мекендердегі медициналық нысандардың қатары артпақ. Жоспар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асырылады. Нәтижесінде, 46 кешен бой көтермек. Биыл тоғызының құрылысы басталады. Осы ұлттық жоба аясында Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы жаңартылады.

«919,3 млн теңгеге Тайыншадағы аурухананы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ, мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл мақсатқа 477 млн теңге қарастырылған», – деді облыстың бас дәрігері.

Құмар Күсемісов қатерлі дерттер бойынша статистиканы да тілге тиек етті. Өкінішке орай, өңірде онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны артуда. Былтыр 10 мыңнан астам адам диспансерлік есепке қойылған. Көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда біршама көп.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x