[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/wr-960-1-1.webp» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
2023-ші жылы СҚО-ның жолдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс қазынасынан 19,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО-ның автожолдар желісі 8 675 шақырымды құрайды. Оның 1 970 республикалық, 6705 облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдар. Бүгінгі күні жолдардың 80%- ы қанағаттанарлық жағдайда. Жалпы, 2023-ші жылы 540 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осылайша, 26 елді мекендегі ауыл ішілік жолдардың 60 шақырымы ретке келтірілмек.
«Облыстың тас жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдар мен арнайы техника әзірленуде. Бүгінгі күні Ресейден 100 мың тонна битум жеткізуге рұқсат етілді. Сонымен қатар, 2023-2024-ші жылдарға автожолдарды күтіп, ұстауға 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді», — дейді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]