СҚО-да бір күнде 8 адам алаяқтардың арбауына түсіп қалды

Өңірде өткен тәулікте интернет арқылы жасалған 8 қылмыс тіркелді. Алаяқтар тұрғындардың 8 млн. теңгеге жуық қаржысын қолды қылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басталғалы құқық қорғау органдарына 685 млн. теңгеге алданған 284 адам жүгінген. Сондай фактілердің бірі өткен тәулікте орын алған.

«Алаяқтардың арбауына 8 солтүстікқазақстандық түсіп қалып, 7 754 900 теңгесінен айырылды. Оның 4-уі OLX.kz және «Kaspi.kz» қосымшаларындағы интернет саудамен, 3-уі ForteBank және «Tengo.kz», «Creditium» сынды микро-қаржы ұйымдарында онлайн-кредит ресімдеумен, дербес деректерді, банктік деректемелер мен СМС-кодтарды үшінші тұлғаларға берумен байланысты болса, соңғысы сапасыз тауар үшін ақшалай қаражатты қайтару (өтемақы) уәдесіне қатысты тіркелген», — делінген СҚО Прокуратурасы берген мәлімдемеде.

Алаяқтардың құрбаны атанғандардың қатарында бір медицина қызметкері, 2 жұмыссыз, 2 зейнеткер және 3 білім беру ұйымының қызметкері болған. Осы ретте қадағалаушы орган өкілдері азаматтарды сақ болуға және тек тексерілген интернет-ресурстарға сенуге, ресми интернет-сайттарда немесе call-орталықтар арқылы жаңа қызметтердің дұрыстығын тексеруге шақырады.

«Банк карталарының деректемелерін және CVV – кодты бөгде адамдарға беруге болмайды. Мұндай жағдайлар тіркелсе, Банкке дереу хабарласып, банктік операциялар мен карталарды бұғаттап, полицияға «102» нөмірі бойынша хабарлау қажет», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта жасау ұсынылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x