Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта жасау ұсынылды

Елімізде балалар SIM-картасы пайда болуы мүмкін. Ол балғындардың қандай интернет ресурстарға кіретінін бақылау үшін жасалып отырған шара, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұндай бастаманы Оқу-ағарту министрлігі көтерген. Олар идея ата-аналар тарапынан да қолдауға ие болатындығына сенімді. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында вице-министр Еділ Оспан айтты.

«Біз балалар SIM-картасын, яғни ата-аналардың бақылауында болатын балаларға арналған жеке SIM-картаны енгізуді ұсынып отырмыз. Егер бала осы SIM-карта арқылы Интернетке қосылса, онда ата-ананың рұқсаты қажет болады. Бұл баланы бақылау: ол қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады. Тағы бір мәселе – ата-аналар Интернет уақытын шектей алады. Өйткені балалар кешке дейін Интернетте отырады. Біз мұны балалардың қауіпсіздігін ойлайтын оқу-ағарту министрлігі ретінде ұсынамыз», – деді Еділ Оспан.

Тағы оқыңыз: Биыл облыста егістік алқабының аумағы 4,5 млн гектарды құрамақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x