СҚО-да бір үйдің екі бірдей баласы суицид жасады

Солтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы әйел мен оның інісі асылып өлген. Келіншектің артында 1,5 жасар баласы қалды, деп хабарлады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға СҚО Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы әйел қорада асылып қалған. Мұны естіген 17 жасар інісі де орманға кетіп, суицид жасаған.

«Жексенбі, 28 сәуір күні Айыртау аудандық полиция бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама келіп түсті. Қазір өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Кейін белгілі болғандай, қаза тапқандар ата-әжесінің қолында өскен. Олардың әкелері қайтыс болып, аналары басқа қалада тұрады екен. Келіншек жақында отбасын құрған. Оның артында 1,5 жасар баласы қалды. Бұл туралы nayzakokshe хабарлады.

Тағы оқыңыз: Темекі шегіп жатып ұйықтап кеткен: Петропавлда ер адам өрттен қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x