Бүгін мемлекеттік сатып алу порталында қызық лот жарияланды. Айыртау ауданының білім бөлімі 15 винтовка сатып алуға өтінім берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаруды сатып алуға 1 млн 800 мың теңге қаржы жұмсалмақшы. Әр винтовканың құны – 120 мың теңге.

СҚО-да білім бөлімі 15 винтовка сатып алмақшы
СҚО-да білім бөлімі 15 винтовка сатып алмақшы

«Техникалық сипаттамалары: калибрі 4,5 мм-ден аспайды; габариттік өлшемдері 1090х50х240 мм-ден кем емес; оқпанның ұзындығы 450 мм-ден кем емес; салмағы 3 кг-нан аспайды», — делінген құжатта.

Аталған пневматикалық қару спортпен шұғылдануға және оқытуға арналған. Және 10 метрге дейінгі қашықтықта қозғалмайтын нысаналар бойынша атуға жарамды.

Тағы оқыңыз: Сабақ кезінде оқушыларға ұялы телефон ұстауға заңмен тыйым салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *