балабақша тексеру

Облыс аумағындағы балабақшалар негізсіз тексерілмек болған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті жалпы республикалық тәжірибені талдау шеңберінде шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Белгілі болғандай, өңірдегі барлық білім бөлімдері жеке балабақшалармен жасалған шарттарда, оларға кәсіпкерлерді тексеру іс-шараларымен қамту құқығын беретін тармақты енгізген. Мысалы,
біздегі 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олармен білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсету шарттарын жасасқан.

«Осылайша, тапсырыс берушілер ҚР Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының талаптарына, сондай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ШОБ тексерулерін жүргізуге мораторийге қарамастан бақылау және қадағалау органдарының функцияларын өздеріне жүктеген», -деп түсіндірді ведомствода.

Ендігі кезекте жоғарыда аталған тармақты шарттардан алып тастау туралы шешім қабылданды.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы көлдердің бірінде балық қырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x