Солтүстік Қазақстан облысында қазанның қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12,1% құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 12-12,6% — ға өсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, бір жыл ішінде күріштің құны шамамен 48%, тұздалмаған сары май – 29%, жұмыртқа – 19% өскен. Сүт өнімдері 16% – ға, жаңа піскен жемістер 7,5% – ға, көкөністер 5,7% — ға қымбаттады. Қызылшаның бағасы 33% – ға, сәбіз 24% — ға өсті. Алкогольді және алкогольсіз сусындардың бағасы 16% — ға өсті.
Электр энергиясына, көлік қызметтеріне, амбулаториялық тарифтер қымбаттады. Қазір тұрғын үйді жалға алу 10% қымбатқа түседі.
Тағы оқыңыз: Сайлау нәтижесі: СҚО-да 3 ауданның әкімі сайланды