СҚО-да азық-түлік 15%-ға қымбаттады

1 жылда Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасы 15%-ға көтерілді. Аталған аралықта әсіресе күріш қатты қымбаттаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы шілде айында өңір бойынша инфляция жылдық есептеумен алғанда 15,4% құрады. Жалпы, 1 жыл ішінде күріш 50 пайызға, тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдері– 31, сүт өнімдері 19,3%-ға қымбаттады. Алкогольсіз сусындар – 18,3, шұжықтар– 18,5, ақ қауданды қырыққабаттың құны 4,5%-ға көтерілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда азық-түліктің бағасы – 15,1%, азық-түлік емес тауарлардыкі 16,2 процентке өсті.

«Бағалар өсімі 2023 жылғы шілдеде (2022 жылғы шілдеге қарағанда) жуу және тазалау құралдарына – 35,1%, сұйытылған газға (баллондағы) – 19,3, тұрғын үй-жайға қызмет көрсету және жөндеуге арналған материалдарға – 17,2, киім және аяқ киімге – 15,2, фармацевтикалық өнімдерге – 13,6, бензинге – 12,2% құрады», – деп жариялады статист мамандар.

Қазір өңір тұрғындары шаштараз қызметтері үшін өткен жылғыдан 12 пайыз көбірек ақша төлейді. 1 жылда құны төмендеген өнімдер де бар. Мәселен, қанттың бағасы 6,7% төмендеді. Жас көкөністер 3,3%-ға арзандады, соның ішінде қызанақ – 15,9, қияр – 13,8 процентке.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны алаяқтардың сөзіне сеніп, 2 млн теңгесінен айырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x