СҚО-да жаға ұстатарлық оқиға орын алды. Петропавлдағы пәтерлердің бірінен асқан жауыздықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, әйелдің мәйіті 26 мамыр күні анықталған. Марқұның сау жері жоқ. Денесі бірнеше жерден тілінген.
«Қылмыстың бетін ашуға бейнебақылау камералары көмектесті. Бейнежазбаларды тексеру барысында күдіктінің күмән тудыратын қораптарды далаға шығарып, қоқысқа тастағаны белгілі болды. Кейін тұрмыстық қалдық тастайтын контейнерден пышақ табылды. Сонымен қатар, күдіктінің дақ тиген киімдері анықталған. Бұл аталған азаматтың кісі өліміне қатысы бар екенін білдіреді», — деп таратты СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: «Қарасай» стадионы УЕФА стандарттарына сай болмақ