СҚО-да ауыл тұрғыны есірткі сақтағаны үшін жеті жылға сотталуы мүмкін

Солтүстік Қазақстанда 55 жастағы ауыл тұрғыны бір келіден астам есірткіні үйінде сақтап келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынының үйінен құрамында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар 8 полимер қапты тапты. Дәл осындай зат екі қағаз сәлемдемеден табылған. Бұл заттың жалпы салмағы 1 кг 225 г құрады. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін көрсетті. Тәртіп сақшылары сонымен қатар ауыл тұрғынының үйінен ауыздықтары бар екі пластик бөтелке тәркіледі.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз өсірілгенін анықтауы керек», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Руслан Сапаров.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жыл басынан бері 27 түрлі есірткі қылмысының жолын кесті, оның 11-і есірткінің заңсыз айналымы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда педофилдерді өмір бойына соттауы мүмкін

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x