2025 жылы тамыз айында Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысында дайындық жұмыстары басталып кетті. Санақтың басты мақсаты – агроөнеркәсіп кешенінің жай-күйін бағалау және сала бойынша өзекті статистикалық деректерді жинау. Санаққа заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ үй шаруашылықтары қатысады. Бұл жолғы ерекшелік – санақ бір кезеңде өткізіліп, цифрлық формат кеңінен қолданылатын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы санаққа дайындық осыдан 1,5 жыл бұрын басталып, арнайы комиссия құрылған. Нақты санақ тамыздың бірінде басталып, 20-шы қазанға дейін созылатын болады. Ал маусым айында облыстағы Булаев, Мамлютка, Сергеевка және Тайынша қалаларында интервьюрлер үй-жайларды алдын ала тексеріп, санаққа енетін шаруашылықтарды анықтайды.

СҚО-да ауыл шаруашылығы санағын 200-ден астам адам жүргізетін болады
СҚО-да ауыл шаруашылығы санағын 200-ден астам адам жүргізетін болады

«Тамыз айынан бастап sanaq.gov.kz. сайтында онлайн сауалнама жүргізіледі. Сайт танысу үшін іске қосылған. Тұрғындар өздері санақ парақтарын толтыра алады. Сауалнаманы толтыру үшін ЭЦП, QR-код немесе СМС хабарлама арқылы тіркелу керек. Сұрақтары бар парақшаның кей жолдары толтырылған болуы мүмкін. Бұл мемлекеттік орган базаларында бар мәліметтер», — деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО статистика департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов.

Егер тұрғындарда сұрақтар туындаса Sanaq-Myrza виртуалды кеңесшіге сауалдарын жолдай алады. Сонымен қатар 1446 номері арқылы қоңырау шалуға болады. Ал үй-жайларды аралап, санақ жүргізу 20-шы қыркүйектен бастап, бір айға созылады.

СҚО-да ауыл шаруашылығы санағын 200-ден астам адам жүргізетін болады
СҚО-да ауыл шаруашылығы санағын 200-ден астам адам жүргізетін болады

«Санақты жүргізу үшін біз шамамен 180 адамды интервьюер ретінде тартатын боламыз. Оған қоса, 43 нұсқаушы болады. Олар жұмыссыздар, студенттер және ниет білдірген жандар. Олар арнайы оқытудан өтеді», — деп нақтылады Жорабек Дәуренов.

Санаққа қатысу – міндетті. Ал одан бас тартқан жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Статистикалық деректердің құпиялығы толық сақталады. Ауыл шаруашылығы санағы барысында өңірде 86 мың жеке және 6,4 мың шаруа қожалығын қамту жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *