Петропавлда ауыл мектептері оқушыларының арасында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың басталды. Оған 700-ден астам оқушы қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қатысушылардың барлығы мектепішілік, аудандық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен ұл-қыздар. Облыстық олимпиада екі кезеңнен тұрады. Қазақ тілін таңдаған 15-ке жуық оқушы төрт тақырыптың біріне эссе жазды.

СҚО-да ауыл мектептерінің оқушылары арасында облыстық олимпиада өтіп жатыр
СҚО-да ауыл мектептерінің оқушылары арасында облыстық олимпиада өтіп жатыр

«Мен «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» тақырыбын таңдадым. Осы эсседе мен өзіміздің Алаш зиялыларын мысалға келтіріп жаздым. Байқауға тек жеңіске жету үшін келдім», — Қызылжар ауданынан келген қатысушы Санжар Қонысбаев.

13 пән бойынша өтіп жатқан олимпиада екі бағытқа бөлінген. Олардың бірі — қоғамдық-гуманитарлық, енді бірі жаратылыстану-математикалық бағыт болып саналады. Айта кеткен жөн, облыстық команда соңғы екі жыл қатарынан республикалық деңгейде үздіктер қатарынан көрініп келеді. Сондай-ақ, бірнеше оқушы «Ауыл мектебінің үздік оқушысы» атанған.

СҚО-да ауыл мектептерінің оқушылары арасында облыстық олимпиада өтіп жатыр
СҚО-да ауыл мектептерінің оқушылары арасында облыстық олимпиада өтіп жатыр

«Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қатарынан үшінші жыл өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты — ауыл мектептерінің дарынды оқушыларын қолдау. Байқауға 700-ден астам оқушы қатысуда», — «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бақыт Ғабдуллина.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам TikTok-та айтқан сөздері үшін алты жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *