СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылдық округі әкімдігінің ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 12 желтоқсанда түнгі сағат 01.00-де болған. Өрт пеш жағатын бөлмеден шығып, кейін әкімдік ғимаратына ауысқан. Ауылдық әкімдіктің қабырғалары жартылай, ал шатыры толығымен жанып кеткен. Ғимарат өткен ғасырдың 60 жылдары ағаштан салынған екен.

«Қазіргі таңда оттың нақты неден шыққаны тексеріліп жатыр. Пешті қолдануда талаптар сақталмаған болуы мүмкін. Әкімдік ғимаратында пошта бөлімі де болған. Материалдық шығын есептеліп жатыр. От 80 шаршы метрді алды», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Өртенген әкімдік ғимаратына ең жақын өрт сөндіру бөлімі 12 шақырымда болған.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық «SMBGROUP Family» компаниясы «Іскер» сыйлығының лауреаты атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x