СҚО-да аудиторлар миллиардтаған қаржының тиімсіз жұмсалғандығын анықтады

Солтүстік Қазақстанда тексеру комиссиясы өткен жылы 2 млрд теңгеден астам сомаға заң бұзушылық жасалғанын анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы өткен жылды қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттерін айқындады.

«2023 жылы тексеру комиссиясы 52 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізген. 100,5 млрд теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылды. Нәтижесінде 2 млрд 172 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12% артық», — деп хабарлады СҚО тексеру комиссиясының мүшелері.

Осыған дейін Qazaqstan Media тілшілері аудиторлардың өңірдегі медициналық мекемелерде жүргізген тексерістері туралы жазған болатын.

Биыл аудиторлар 44 нысанда 12 тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Аудитпен мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерінің шамамен 140 млрд теңгесі қамтылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да учаскелік полицейлер 1000-ға жуық қылмысты ашуға көмектесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x