СҚО-да 15 тоннадан артық Artemia salina шаянын аулағандар ұсталды Бұл шаян тәрізділерді заңсыз өндірді деген күдікпен ұсталған ең ірі топ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп Мамлют ауданында заңсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтардың тобын ұстады. Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астам қайта өңделген шаян тәркіленді. Ұстауға «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері және арнайы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты. Сондай — ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтық қаруына арналған 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар тапаншаға арналған ойығы бар «ПМ» тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.
«Заңсыз өндіру фактісі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» ҚР Қылмыстық кодексінің 335 — бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», — деп хабарлайды СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов. — Барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Залалдың алдын ала сомасы шамамен 150 млн теңгені құрайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды».