СҚО-да арақтан бас тартқан ауылда 6 жылдың ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Есіл ауданындағы Қарағай ауылының тұрғындары 10 жыл бұрын спирттік ішімдікке тыйым салған. Содан бері қылмыс саны азайған, тіпті 6 жыл ішінде бірде-бір заң бұзушылық тіркелмепті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қарағай ауылы Бұлақ ауылдық округінің құрамына кіреді. Қазір 27 отбасы тұрып жатыр. 90-ға жетпес тұрғыны бар елді мекенде арақ-шарап сатылмайды екен. Жастар жағы да ащы суға әуес емес.

«Мен істеп жүргеннен бері бұл ауылда ішімдік ішкен жастар, үлкен кісілер жоқ. Соның арқасында әкімшілік құқық бұзушылықтар жоқ, қылмыстық істер де болған емес. Отбасылық жанжалдар да тіркелмеді», — деп отыр Бұлақ ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Қанат Жанғарин.

Ауыл азаматтары негізінен мал ұстайды. Бір кездері жайылым мәселесі болыпты. Бірақ оның да шешімі табылған. Сондықтан ауылда еркін жайылып жүрген төрт түлікті де көрмейсіз. 

Қазіргі уақытта учаскелік инспектордың негізгі жұмысы – интернет-алаяқтықтың алдын алу. Ауылда мұндай фактілер де тіркелмеген, бірақ уақыт өткен сайын алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданып, азаматтарды сан соқтыруда. Қанат Жанғарин азаматтармен үнемі кездесіп, WhatsApp желісіндегі ауыл чатына алдын алу сипатындағы жадынамаларды жіберіп тұрады.

Тағы оқыңыз: СҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x