СҚО-да алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер Қазақстанда 25, 26 және 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстанға жылы ауа массалары кіре бастайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне жетеді.

«Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35…+38 градусқа дейін, оңтүстігінде ыстық +40…+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз:СҚО-да келер жылы үш ауысымдық оқыту және апаттық мектептер мәселесі толық шешіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x