Солтүстік Қазақстанда Жаңа жылды тойлап жатқан бір топ ер адамдар арасында жанжал туындап, бірі екіншісін атып өлтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қайғылы оқиға қаңтардың бірі Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында болған. Жаңа жылды тойлап жатқан жандардың арасында жанжал туындаған. Салдарынан 41 жастағы ер адам қаруын алып шығып, танысын атып өлтірген.
«41 жастағы ер адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс болған жерден тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қайтыс болған 40 жастағы жігіт танысын Жаңа жылмен құттықтауға келген. Олардың барлығы ішімдік ішкен.
Тағы оқыңыз: Елімізде 2025 жылы айыппұл қаншалықты өзгереді?