СҚО-да 2 ауданға кіретін 3 ауылдың атауы өзгертіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Елді мекен атаулары Шал ақын және Айыртау аудандарында өзгертілмек.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты Шал ақын ауданындағы Кривощеков ауылдық округі мен Кривощеково ауылы, Арай ауылдық округі және Арай ауылы болып, Айыртау ауданындағы Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылы – Қамсақты ауылына, Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылы Баянтай ауылы болып өзгертіледі», – деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаулыға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко қол қойған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің төбесінен су аққан