СҚО-да 29 мектепке жаңа автобус берілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс әкімі Айдарбек Сапаров ауыл мектептеріне жаңа автобустың  кілтін табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі кезде облыста 143 автобус ауыл балаларын білім ошақтарына тасымалдап жүр. Бүгін олардың қатары 29 жаңа көлікпен толықты. Енді шалғайда тұратын ауыл балалары мектепке жайлы автобустармен жеткізілетін болады.

СҚО-да 29 мектепке жаңа автобус берілді

СҚО-да 29 мектепке жаңа автобус берілді

СҚО-да 29 мектепке жаңа автобус берілді
СҚО-да 29 мектепке жаңа автобус берілді

«Мемлекет қолдауының арқасында өңірде білім жүйесін дамытуға қомақты қаржы бөлінуде. Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән береміз. Сондықтан жаңа автобустар алдық. Әрі бұл көліктер оқушылар үшін ыңғайлы болмақ. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Жалпы, 5-10 бала ғана білім алатын ауыл мектептерін жауып, оларды көрші елді мекендердегі оқу орындарына жеткізу қажет. Мұндай шара жастарды сапалы біліммен қамту үшін де жасалатын болады», – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ дәстүрлі тамыз конференциясына қатысқан өңір жетекшісі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығында 4 жаңа білім ордасы салынатындығын айтты. Ал «Береке» шағын ауданында түзету мектеп-интернаты тұрғызылады.

«Биыл  49 білім беру нысанына 4,3 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оған қоса, 3 млрд теңгеге жуық ақша мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жұмсалады. Облыс орталығында балабақшаға кезекті азайту бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта «Жас өркен» және «Береке» аудандарында 2 балабақшаның құрылысы басталады», – деді Айдарбек Сапаров

Тағы оқыңыз: Оқу жылы 25 мамырда аяқталатын болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x