Бүгінде облыста 565 мәдени мекеме жұмыс істейді. Соның 531-і ауылдарда орналасқан. 2025 жылы 11 мәдениет нысанын материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңартуға 142,5 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Qazaqstan Media-ның ресми сауалына мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының берген жауабуында жазылған.

Солтүстік Қазақстанда 227 мәдени-демалыс, 317 кітапхана, 16 мұражай бар. Театрлар мен мемлекеттік архив нысаны да мәдени ошақтар тізімінде. Өздеріңіз білетіндей, аталған саланы дамыту үшін мекемелердің техникалық жабдықталуына ерекше көңіл бөлген аса маңызды. Себебі, заманауи құрылғыларды қолдану арқылы ғана зор жетістіктерге жете аламыз.

«2025 жылы 11 мәдениет нысанын материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңартуға 142,5 млн. теңге бөлінді. Мәдениет объектілерінің техникалық жай-күйін жақсарту үшін облыстық филармонияға, екі облыстық кітапханаға, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, театрларға, облыстық халық шығармашылығы орталығына, облыстық халық шығармашылығы орталығына арналған лэд-экран, ақпараттық коиск, кітап қоры, компьютерлік техника, конференц-жүйе, интерактивті панельдер, офистік жиһаз, қызметтік автомашиналар (автобус, Газель) сатып алынды»,- деп жазылған мәдениет басқармасы берген жауапта.

Жалпы, СҚО-да мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінуде. Биыл өңірде екі жаңа нысанның құрылысы басталды. Олар: Есіл ауданы Петровка ауылындағы мәдениет үйі мен Уәлиханов ауданы Көктерек ауылындағы демалыс орталығы.

«2025 жылы мәдениет объектілерін жөндеуге немесе салуға демеушілік қаражат бөлінбеді»-деп толықтырды басқармада.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда «Жер-2025» республикалық-командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *