Солтүстік Қазақстан облысында 20 жастағы жігітке қасақана шабуыл жасалды. Қазіргі кезде ол ауыр жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға осыдан бірер күн бұрын орын алды. Қалалық көпбейінді ауруханасына пышақ жарақатымен 20 жастағы азамат жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның іш қуысы мен асқазанына қатты зақым келген. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалып, тиісті медициналық көмек көрсетілді.
Жағдайы ауыр.
Ал полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысы бар күдіктілерді анықтап, ұстады.
«Қазіргі таңда үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің мән-жайы тергеліп жатыр»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда үздік жас садақшылар анықталды