Облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресейге шығарылуы тиіс 1,5 тонна қызанақтан вирус анықтады. Олар өнімнен іріктелген үлгіні Астана қаласының Өсімдіктер карантині жөніндегі республикалық орталығына ПЦР тест жүргізу үшін сараптамаға жіберген. Нәтижесінде, қызанақта қола түстілігінің тосповирусы бары белгілі болды, деп хабарлайды Qazastan media тілшісі.
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес жүк иесіне 20 АЕК — 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Ал зақымданған 1,5 тонна қызанақ арнайы белгіленген аумақта өртелді. Мамандардың айтуынша, қызанақтың қола түстес тосповирусы адам үшін қауіпсіз. Алайда карантиндік аурудың пайда болуы көкөніс шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Тағы оқыңыз:Міндетті салық төлемі қысқарады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x