СҚО-да 14 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

Кеше Qazaqstan Media сайтында 14 жасар қыздың зорланғандығы туралы материал жарияланған болатын. Бүгін осы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды. Мектеп оқушысы өгей әкесінен зорлық көрген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда өгей әкесінен зорлық көрген мектеп оқушысы жүкті болып шықты. Жасөспірім қыркүйек айында ана атанбақ. Бүгіндері ол денсаулығына байланысты перинаталдық орталықта жатыр. Осындай сұмдық жағдайдың орын алғандығын естіп, ең бірінші дабыл қағуы тиіс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілге мұндай хабар жетпеген. Сәуле Сұрағанова жаңалықты Qazaqstan Media тілшілерінен біліп, 14 жасар қызбен хабарласатындығын айтты.

«Мен перинаталдық орталық дәрігерлерімен сөйлестім. Қазіргі күні жасөспірімнің де, іштегі баланың да жағдайы жақсы. Онымен психологтар жұмыс жасап жатыр. Жуық арада мен қыздың анасымен кездеспекпін», — деді СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Сұрағанова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 14 жасар қыз зорланды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x