[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-31-at-16.38.57-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Әлеуметтік желілерде облыс орталығының бір топ тұрғыны елден бөлініп, өздерін «тәуелсізбіз» деп жариялаған видеолары тарап кетті. Бүлікшілердің үстінен Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе таратуды көздейтін 180-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

19 адамнан құралған топ Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын айтты. Ол аздай еліміздің құқықтық негіздерін жоққа шығарып, Қазақстанды «корпорация» деп атады. Оның үстіне өздерін еркін, азат халықпыз деп жариялаған. Қазіргі таңда, бүлікшілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Осы күні облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізілуде. Сондай-ақ, тиісті сот сараптамалары тағайындалды.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етiлуге жатпайды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x