[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/byudzhet.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгін қоғамдық кеңес отырысында облыстың 2023 жылға арналған бюджеті нақтыланды. Қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 606,8 млн теңгесі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы келесі жобаларға 532,1 млн. теңге сомасына шығыстарды ұлғайтуды жоспарлап отыр:

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу – 108,6 млн. теңге;

Айыртау ауданы, Володар ауылдық округі, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, З. мекенжайы бойынша «Бос тұрған ғимаратты мұражай ретінде қайта жаңарту» – 7-8,5 млн. теңге;

Есіл ауданы Николаевка ауылында мәдени-демалыс орталығын салу – 11,8 млн. теңге (қоса қаржыландыру);

Жамбыл ауданы Пресновка ауылында жабық мұз айдынын салу – 17,4 млн. теңге (қоса қаржыландыру);

Жамбыл ауданының Пресновка ауылында (сыртқы инженерлік желілерсіз) дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу – 111,5 млн. теңге;

Тайынша ауданы Келлеровка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ангар үлгісіндегі) салу – 36,9 млн. теңге (қоса қаржыландыру);

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында жаттығу залы бар жабық жүзу бассейнін салу  жоспарланып отыр. Бұл іске 80 млн. теңге жұмсалады.

«Денсаулық сақтау басқармасы шығыстарды 53,1 млн. теңге сомасына ұлғайтпақшы. Нәтижесінде, Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл іске 17,9 млн теңге бағытталады. Сонымен қатар, мекеменің басқа да бөлімдері жаңартылады.  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 38,4 млн теңге қарастырылып отыр. Оның 36 млн теңгесіне «Еленовка-Арықбалық- Чистополье-Есіл» облыстық маңызы бар автожолының 142 шақырымда көпір салынады. Бөлінген қаржыға Сутюшев көшесінен Петров көшесіне дейін Горький көшесін қайта жаңарту көзделген», – деді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Білім беру саласына ел қазынасынан 796,1 млн.тенге бөлінді. 474,5 млн.теңге мектепке дейінгі оқыту нысандарда қызмет ететін педагогтардың жалақысын көбейтуге, кәсіби және техникалық мекемелерде оқып жатқан студенттердің мемлекеттік шәкіртақысын өсіру үшін 321,6 млн.теңге қарастырылған.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x