СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жол жөндеумен айналысатын компанияларды сынға алды. Өйткені, олардың бірде-бірі әлі жұмысқа кіріспеген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл солтүстікке көктем ерте келді. Күн жылынып, ауа райының өзі шаруаны ерте тындырып, ал деп тұрғандай. Бірақ жол жөндеумен айналысатын компаниялар уақытты босқа өткізіп жүр. Олардың бірде-бірі әлі күнге дейін іске кіріспеген.

«Биыл жер ерте кеуіп, жол жөндеу жұмыстарын әдеттегіден 2-3 аптаға ертерек бастауға мүмкіндік бар. Бірақ іске кіріскен компанияны көрмедім. Тіпті, қаладағы бірде-бір асфальт зауыты әлі күнге дейін жұмысын бастамаған. Не күтіп жүрсіздер? Қаржы да  бөлінді, битум бар», — деді жол жөндеумен айналысатын компаниялардың жұмысын сынға алған Марат Тасмағанбетов.

СҚО-да әлі бірде-бір асфальт зауыты жұмысын бастамаған

Бүгіндері қалада жол жөндеу жұмыстарымен сегіз компания айналысады екен. Қоқыс шығару, қаланы абаттандыру мәселелері талқыланған жиында олардың басшылары да бой көрсетті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов оларды тұрғызып қойып, әрқайсысынан неге жұмысты бастамағандығын сұрады.

«Бұрын ауа райын сылтау етіп, мамыр айында ғана іске кірісетін едіңіздер. Қазір ештеңе кедергі келтіріп тұрған жоқ. Оның үстіне технологиялар дамыған заманда күн кішкене жылынса жол жөндеуге кірісе беруге болады. Ең құрығында шұрық-тесік болған учаскелерді дұрыстауға болар еді. Ол үшін қажетті техника да бар. Сондықтан ұйқыдан оянып, тездетіп іске кірісіңіздер», — деді ол.

СҚО-да әлі бірде-бір асфальт зауыты жұмысын бастамаған
СҚО-да әлі бірде-бір асфальт зауыты жұмысын бастамаған

Жиында қоқыс шығарумен айналысатын петропавлдық кәсіпорындардың жұмысы да сынға алынды.

Тағы оқыңыз: «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамына — 35 жыл

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *