Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық жасады деген күдікпен моңғолиялық азамат Самат Бекіш іздестірілуде. Ол былтыр жазда Тайынша ауданында бір топ жігітпен бірге үй тонап, қашып кеткен, деп жазады Qazaqstan Media.

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген Моңғолия азаматы Самат Бекішті Тайынша ауданының жедел уәкілдері іздестіріп жатыр. Ол қылмысты 2024 жылдың тамыз айында жасаған. Белгісіз топ Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін және оның 12 жастағы немересін скотчпен байлап, шамамен 640 мың теңге ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Қылмыскерлер  кеткен соң бала өздігінен босанып шығып, жақын маңдағы учаскелік полицейдің үйіне барып, көмек сұраған.

Қылмысқа қатысы бар үш күдікті бірден  ұсталып, 7 жыл 6 айға сотталды. Ал Самат Бекіштің қайда жасырынғаны белгісіз. Ол өз елінде болуы да мүмкін. Егер оның қайда жүргенін білетін азаматтар болса, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары арқылы немесе «102» нөміріне хабарласуға болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық тексерулер күшейтіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *