Жұмсақ контейнерлер шығаратын «SMB group family» фабрикасында жаңа цехтың құрылысы жүріп жатыр. Инвестиция көлемі 1 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қаптар, слим және биг-бэгтер шығаратын өндіріс ошағының жұмыс барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов танысты. Кәсіпорын өнім көлемін жыл сайын ұлғайтып келеді. Қазір фабрикада 305 адам еңбек етуде.
«Компания бір орнында тұрған жоқ. Өндірісті кеңейтуді қолға алды. Қазір заманауи цех салынуда. Инвестиция сомасы – 1 млрд теңге. Қосымша 300 жаңа жұмыс орны ашылады», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.