Аққайың ауданы Аралағаш ауылындағы жергілікті құс фабрикасында тауықтар қырылып жатыр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, жұмысшылар өлекселерді мал жаятын жерге төгіп, қарға көміп кеткен. Қар ерігеннен кейін айналаға құстардың жұқпалу аурулары таралу қауіпі бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ветеринариялық инспекция ауылдық округ әкімдігімен бірлесе Аралағаш ауылына барған. Мамандар фабрика қызметкерлері расымен де өлекселерді қар астына көміп тастағанын анықтапты. Бұл заң бойынша тыйым салынған әрекет. Себебі, өлекселер арнайы орындарда жойылуы керек.

СҚО-да құс фабрикасында қырылған тауықтарды жұмысшылар қарға көміп кеткен

«Құс фабрикасына құс өлекселерін жою туралы міндеттеме берілді. Қазір құс фабрикасы мен Петропавл қаласындағы серіктестік арасында биоқалдықтарды тасымалдау және кәдеге жарату қызметін көрсетуге келісімшарт жасалды. Фабрика басшылығы ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — делінген ветеринарлық инспекция таратқан мәліметте.

Тағы оқыңыз:Петропавлда өзге ұлт өкілдері ет асуды үйренді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x