Солтүстік Қазақстан облысында былтыр тиісті құжаттардың жоқтығынан 575 тонна және 120 текше метрден астам карантинге жатқызылатын өнім ел аумағына кіргізілмеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Шакимовтың айтуынша, облыста Ресеймен шекарада төрт фитосанитарлық бақылау бекеті орналасқан. Бұл жерде шекарадан әрі-бері өтетін карантинге жатқызылатын өнім – түрлі өсімдіктер, олардың тамыры, кесілген гүлдер мен түрлі көкөніс, саңырауқұлақ, тағы басқалары тексеріледі.

«Былтыр СҚО аумағынан 3 млн 795 мың тонна карантинге жататын өнім тексеріліп, жіберілді, олардың 3 млн 176 мыңы экспортқа кетсе, қалғаны еліміздің басқа аймақтарына жіберілді. Жалпы карантинге жататын өнім СҚО-дан әлемнің 30 еліне экспортталады. Соның ішінде өңірдің 306 кәсіпорны Қытайға карантинге жатқызылған өнімді әлеуетті экспорттаушылар тізіміне енгізілді, 38 кәсіпорын бидайды қалғаны басқа дақылдарды шетелге сатады», — дейді Марат Шакимов.

Былтыр инспекторлар 18 мыңға жуық көлікті: 406 мың тонна, 123 мың текше метр, 2,5 млн дана өнімді тексерген. Нәтижесінде фитосанитарлық сертификаты жоқ 36 көлікті қайтарып жіберді. Көліктерде 575 тонна, 122 текше метр, 156 дана карантинге жататын өнім болған. Заңды бұзған 3 жеке және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 310 мың теңге айыппұл төледі.

Тағы оқыңыз:21 жасқа толмағандар энергетикалық сусын сатып ала алмайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x